Италияда туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

7 Қараша 2022, 08:42
688
Бөлісу:
Италияда туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Италияның оңтүстігінде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тікұшақ апатқа ұшыраған жерінен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тікұшақ Фоджа провинциясындағы елді мекенге құлаған. Бортта болған 7 адамның барлығы қаза тапты. Оның екеуі ұшқыш, біреуі жедел жәрдем дәрігері және қалған төртеуі словениялық туристер отбасының мүшелері болған.

Саяхатшылар Фоджаға бір күн бұрын оралмақ болған, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты сапарларын кейінге қалдырған.

Өзгелердің жаңалығы