Италияда тұрғын үйдегі жарылыстан төрт адам қайтыс болды

12 Желтоқсан 2021, 18:20
1213
Бөлісу:
Италияда тұрғын үйдегі жарылыстан төрт адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сицилия аралындағы Равануза қаласында тұрғын үйдегі жарылыс құрбандарының саны артты.

ANS А сайтының хабарлауынша, жарылыс салдарынан төрт адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Құтқарушылар олардың денесін үйінді астынан шығарды.

Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған тағы бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар ауыр техниканы қолданбай жұмыс істеуде.

Сондай-ақ екі әйелдің аман қалғаны хабарланды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешке жарылыс болып, үш тұрғын үй қирап, тағы төртеуі зақымданған болатын. Алдын ала белгілі болғандай, қайғылы оқиғаға газдың шығуы себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы