Италияда лай көшкінінен халық эвакуацияланды

Италияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. Соның салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ. 30 Маусым 2024 2024, 23:50
30 Маусым 2024 2024, 23:50
733
Фото: BAQ.KZ.

Италияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. Соның салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолдар опырылып, үйлерге су кірді. Бұдан бөлек топан су бірнеше көлікті ағызып әкеткен. Өзендердің тасуынан бірнеше елді мекенмен байланыс үзілді. Қазір құтқарушылар қауіпті аймақта қалып қойғандарды жаппай эвакуациялап жатыр.

Наверх