Италияда автобус апатынан 21 адам қаза тапты

4 Қазан 2023, 09:42
539
Бөлісу:
Италияда автобус апатынан 21 адам қаза тапты

Италияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 21 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

18 кісі жарақат алды. Қаза болғандардың арасында балалар бар. Венеция қаласының шетіндегі ауданның бірінде эстакада үстімен келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, теміржолға құлап түскен. 

Көліктегі адамдардың көбі сол жерде жан тапсырды. Апаттың себептері әлі белгісіз. Автобус электр тоғымен жүретіндіктен, бірден отқа оранып, адамдарды құтқару қиынға соққан.

Өзгелердің жаңалығы