Италияда алғаш рет үкімет басына әйел келуі мүмкін

26 Қыркүйек 2022, 09:26
975
Бөлісу:
Италияда алғаш рет үкімет басына әйел келуі мүмкін

Италияда депутаттар палатасы мен сенат сайлауы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Экзит-полл нәтижесі бойынша, оң орталықшыл коалиция 41-45% дауыспен жеңіске жетіп, парламенттің екі палатасында да көпшілік орынға қол жеткізді.

«Италия ағайындылары» партиясының жетекшісі Джорджа Мелони елдің келесі премьер-министрі болуы мүмкін.

Егер солай болса, ол Италия үкіметінің басшысы лауазымын иеленген алғашқы әйел болады.

Сайлауды бастапқыда 2023 жылдың көктемінде өткізу жоспарланған.

Алайда шілде айында премьер-министр Марио Драги отставкаға кетіп, оның құрамында солшыл, оң және орталық партиялардан тұратын коалициялық үкіметі ыдырағаннан кейін елде мерзімінен бұрын жалпы сайлау белгіленді.

Сайлаудың ресми қорытындысы дүйсенбі күні жарияланады.

 

Өзгелердің жаңалығы