Италияда 1 еуро тұратын баспаналар сатыла бастады

12 Маусым 2020, 03:46
2154
Бөлісу:
Италияда 1 еуро тұратын баспаналар сатыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Калабрия өңіріндегі Чинкуэфронди коммунасының билігі тұрғын үйді 1 еуроға сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосты. Бұл туралы CNN Travel басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Коммуна мэрінің сөзінше, бұл бағдарлама осы өңірдегі жастардың ірі қалаларға көшуін тежеу мақсатында енгізілген. Оның үстіне Чинкуэфрондидегі эпидемиологиялық жағдай да тұрақты екен.

Пандемия басталғалы бұл елді мекенде коронавирус жұқтырудың жағдайы тіркелмеген. Бірақ биліктің сатып алушыларға қояр талаптары бар. Үміткерлер үш жыл ішінде пәтерде жөндеу жұмыстарын істеуге міндеттеледі.

Сонымен қатар, сатып алушылар 250 еуро көлемінде қаражат төлеуге тиіс.

Егер де белгіленген уақытта пәтер жөндеуден өтпесе, оның қожайыны 20 мың еуро көлемінде айыппұл салынады.

Өзгелердің жаңалығы