Италияда пәтерлер 1 еуродан сатылып жатыр

20 Қаңтар 2019, 17:37
3288
Бөлісу:
Италияда пәтерлер 1 еуродан сатылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Италиялық муниципалитет Самбука-ди-Сицилия қаласының билігі ерекше науқанды іске қосты.

Олар пәтерлерді 1 еуродан сатып жатыр. Науқанның мақсаты – халық саны азайып бара жатқан аймақта тұрғындарды көбейту. Сатылымға ондаған тарихи нысандар шығарылған.

Сатып алушылар үйді үш жылдың ішінде жөндеуден өткізіп, оған кемі 15 мың еуро жұмсауы тиіс. Бұдан бөлек, олар қалалық қазынаға бес мың еуро көлемінде депозит салуы тиіс. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұл ақша қайтарылады.

«Тек насихат үшін осындай қадамға барған басқа қалалармен салыстырғанда біздің әкімшілікте құны 1 еуро тұратын пәтерлер, расымен бар», – деп хабарлады вице-мэр Самбуки Джузеппе Качиоппо.

Ол Самбуканы демалуға қолайлы тыныш қала деп атады. Бағдарлама аясында онға жуық нысан пайдалануға беріліп үлгерді. Әсіресе, Швейцария, Франция, Испания елдерінен сұраныс көп түсіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы