Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия жақын арада Украинаға қару-жарақтың жаңа партиясын жібереді. Қару-жарақтар ішінде бронетранспортерлер, пулеметтер мен оқ-дәрілермен қамтылуы мүмкін.
Бұл ткралы ТАСС агенттігі жазды.
Италия қорғаныс министрі Лоренцо Герини Киевке қару жіберу туралы төртінші жарлықтың жуырда бекітілетінін айтты.
Парламентте бекітілген құжатқа сәйкес, Италия үкіметі Украинаға жыл соңына дейін қару-жарақ жібере алады. Осыған дейін Италия Украинаға бірнеше 155 миллиметрлік артиллериялық қондырғыны жіберген еді. Қазіргі таңда Киев қару-жарақтың санын арттыруды көздейді. Сонымен қатар Италиядан бірнеше зымыран қондырғысын сұраған.
Биыл Италияның әскери шығындары 16,8 миллиард еуроға дейін көбейді. Шығындар тізімінде болашақ алтыншы буынның Tempest жауынгері бар, оны әзірлеуге Италия Ұлыбритания және Швециямен бірге қатысқан.