Италия Премьер-министрі отставкаға кету туралы арыз жазды

26 Қаңтар 2021, 19:19
1351
Бөлісу:
Италия Премьер-министрі отставкаға кету туралы арыз жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте президент Сержио Маттареллаға отставкаға кету туралы арызын тапсырды. Мемлекет басшысы Италия Премьер-министріне қызметін жалғастыруды ұсынғаны атап өтілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Президент шешім қабылдауға уақыт алып, үкіметті қазіргі міндеттерін орындай беруге шақырды, - делінген президенттің Квириналь сарайының хабарламасында.

Конте мен Маттарелланың арасындағы әңгіме шамамен жарты сағатқа созылды.

Еске салайық, "Италия Вива" партиясы өз министрлерін үкіметтен шығатынын жариялағаннан кейін елде үкіметтік дағдарыс қалыптасқан болатын. Бұл пандемия салдарын қалпына келтіру жоспары бойынша келіспеушіліктерге байланысты болған. Осы партияның дауысынсыз коалиция тұрақты парламенттік басымдыққа ие бола алмай қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы