Павлодарда IT саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланған форум өтті

18 Тамыз 2019, 18:12
2129
Бөлісу:
Павлодарда IT саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланған форум өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында «Бизнестегі заманауи ақпараттық технологиялар» халықаралық форумы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Павлодар облысы - «Invest Pavlodar» инвестициялық фронт-офисы құрылған, инвесторлар үшін «бірыңғай терезе» қызметін ұйымдастыру ережесінің талаптарына сай келетін Қазақстанның жетекші аймақтарының бірі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Павлодар қаласында өткен «Бизнестегі заманауи ақпараттық технологиялар» халықаралық форумында айтты.

Форумға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімі Болат Бақауов, Қазақстан аймақтарының, сондай-ақ шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. 

«Форум аясында Сыртқы істер министрі орынбасарының төрағалығымен әкімдік және облыстың инвестиция тартуға қатысы бар басқа да өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуде сыртқы саясат ведомствосы Қазақстанның барлық аймақтарында құрылған фронт-офистер болып табылатын инвестицияларды тарту жүйесінің үш деңгейін үйлестіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды», - делінген хабарламада

Ермек Көшербаев іс-шараға қатысушыларды инвесторларды тиімді бағыттау үшін аймақтың салалық бағытын дамыту қажеттілігі туралы хабардар етті. Осы аймақта белсенді дамып келе жатқан IT саласы жарқын мысал бола алады. 

Жұмыс сапары барысында СІМ басшысының орынбасары Екібастұздағы кәсіпорындарға - «Проммашкомплект» теміржол дөңгелектерін шығаратын зауытқа және «R.W.S. BINDING» теміржол осьтерін шығаратын зауытқа барды. Сапар барысында технологиялық процесс және кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы