Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен «Astana Hub»-пен және «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы мен «ITeachMe» ҚҚ қолдауымен іске асырылады. Жоба 1 тамызда қазақ және орыс тілдерінде онлайн-форматта басталады.
Елімізде еңбекке жарамды жастағы 967 мың әйел болса, оның 34 пайызы жұмыс істемейді. Еңбекке жарамды жастағы әйелдердің 41,4 пайызы жоғары білімді.
Қазіргі уақытта IT-Aiel бағдарламасы бойынша No Code School, Freelance School, компьютерлік сауаттылықтың негізгі курстарына оқуға жұмыссыз әйелдерден, декреттік демалыстағы әйелдерден, студенттер мен 18 жастан асқан кәсіпкерлерден 2307 өтініш келіп түсті, - Алина Әбдірахманова.
IT-Aiel бағдарламасына қатысуға жұмыссыз әйелдерден 2307 өтініш түскен. Оның ішінде Астана – 668, Алматы – 371, Шымкент – 63, өңірлер – 1205 құрады.