Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Испаниядағы пойыз апаты: кемінде 40 адам қаза тапты

Бүгiн, 01:29
255
Бөлісу:
 REUTERS/Susana Vera
Фото: REUTERS/Susana Vera

Испанияның Кордова провинциясы, Адамуз маңында екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысты. Апат салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, 122 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, 12 адам реанимацияда, ал зардап шеккендердің көпшілігі ауруханаға жеткізілді.

Соқтығысу зәйтүн алқаптары мен таулы жерлерде болғандықтан құтқару жұмыстары қиындықпен өтті. Сарапшылар апат себебін рельстердегі ақаулы түйісу деп болжайды.

Испания Премьер-министрі Педро Санчес апат орнына барып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл Испаниядағы 2013 жылғы Сантьяго-де-Компостела апатынан бері ең ауыр теміржол апаты болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы