Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда коронавирус жұқтыру дерегі тағы да артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы тәулікте қауіпті вирус 3 мыңнан астам адамнан анықталған.Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осыған байланысты тұрғындар алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені санаулы күннен кейін елде жаңа оқу жылы басталады.
Бірақ билік «Ковид-19» дерегінің артуы білім беру мекемелерінің жұмысына еш әсер етпейді деп отыр.
Айта кетейік, індет басталғалы бері Испанияда 371 мыңдай кісіден инфекция анықталды.