Испанияда ұсталған қазақстандық туралы ақпаратқа ҚР СІМ түсініктеме берді

18 Желтоқсан 2020, 21:11
2291
Бөлісу:
Испанияда ұсталған қазақстандық туралы ақпаратқа ҚР СІМ түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Испанияда «орыс мафиясы» ісі бойынша қазақстандықтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

17 желтоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары Испания ұлттық полициясы ақшаны заңдастырды деген күдікпен 23 адамды ұстады деп хабарлаған.  Бұл туралы елдің ұлттық полициясының сайтында хабарланды.

Ұсталғандардың арасында сегіз Ресей азаматы, екі Украина, бір Қазақстан және Алжир азаматы болған деген болжам жасалды. Қалғандары испаниялықтар.  

Полиция бұл Шығыс Еуропадан шыққан мафияға қарсы Испанияда соңғы он жылда жүргізілген ең үлкен тергеу екенін атап өтті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталғандар пара беру арқылы қылмыстық қудалаудан қорғанып үлгерген.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл іс бойынша испандық тараптан сұрағанын және ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ деген ресми жауап алғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы