Испанияда коронавирус күшейді

9 Қаңтар 2024, 20:09
742
Бөлісу:
Испанияда коронавирус күшейді
Фото: BAQ.KZ -архив

Испанияда коронавирустың Омикрон штамы қайта күшейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бірақ жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі кей аймақтардың жаппай бетперде режиміне көшуін мақұлдамай отыр. Ал елдегі эпидемилогиялық ахуал күрделі. Сарапшылар да бұл маусымда ауру көрсеткіші тағы артуы мүмкін деп отыр. 

Бұған дейін Испанияның 5 аймағында бетперде режимі енгізілген еді. Қоғамдық орындар, емдеу мекемелері мен дәріханаларда маска тағып жүру міндеттелген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы