Испанияда дәстүрлі "Вуэльта Бургоса" веложарысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
"Астана" шабандозы 20-шы орында. Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі «Вуэльта Бургоса» веложарысы басталды. Биылғы бәсеке 5 кезеңнен тұрады және алғашқысы 161 шақырымға созылды. Оны бірінші болып Біріккен Араб Әмірліктері командасындағы колумбиялық легионер Хуан Себастьян Молано бағындырды.
"Астана" сапынан ең тәуір көрсеткішке Самуэле Баттистелла қол жеткізді. Ол мәре сызығын 20-шы болып кесті.
Қазақстан клубтың басқа мүшелері, атап айтқанда, Хавьер Ромо – 31-ші, Фабио Феллине – 35-ші, Юрий Натаров – 52-ші, Мартин Лопес пен Леон Санчес, сәйкесінше, 68-ші және 69-шы орындарға тұрақтады. Осымен 45 жыл қатарынан ұйымдастырылып тұрған дәстүрлі велокөпкүндік 20-шы тамызға дейін жалғасады.