Испанияда дауыл салдарынан 2 адам қаза тапты

13 Желтоқсан 2021, 09:46
946
Бөлісу:
Испанияда дауыл салдарынан 2 адам қаза тапты

  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның солтүстігін су басып жатыр. Барра дауылынан кейін нөсер құйып, Эльба өзені арнасынан тасыды, деп жазды Хабар24. 

 

 Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, тасқыннан 2 адам көз жұмған. Наварра провинциясында тұрғындар шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік зардап шеккен аймаққа 300-ге жуық сарбаз, 102 арнайы техника мен тікұшақ жіберді. Құтқару жұмысы жалғасуда.   

Мен мұндай су тасқынын ешқашан көрген емеспін. Көпір де су астында қалды. Үйіміз тұруға жарамсыз болып қалды. Үлкен шығынға баттық, - деді жергілікті тұрғын Эмилио Карридо.

 
 
 

Өзгелердің жаңалығы