Испания жағалауында 158 мигрант құтқарылды

Бүгiн, 14:12
186
Бөлісу:
Испания жағалауында 158 мигрант құтқарылды

Испанияның Гран - Канария аралы маңында 158 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бәрі Сенегал мен Мавритания азаматтары. Испанияның жағалау күзеті келтірген дерек бойынша, ағаш қайықтарға мінген босқындар кәрі құрлыққа жетпек болған. 

Жыл сайын Таяу Шығыс пен Африка елдерінен жақсы өмір іздеп мыңдаған адам теңізбен Еуропаға аттанады. Испанияның ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, биыл Канар аралдарына 19 мыңға жуық мигрант барған.

Өзгелердің жаңалығы