Испания тұрғындары туристерге қарсы наразылыққа шықты

Бүгiн, 07:51
105
Бөлісу:
Испания тұрғындары туристерге қарсы наразылыққа шықты
Фото: pixabay.com

Барселона тұрғындары туристер ағынына қарсы наразылыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА-Новости агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғындар туристердің баспаналары мен жеңілдіктерін алып алатындығына қарсы.

Осылайша, туристер ағынының салдарынан туындаған тұрғындардың наразылығы Испаниядан тыс бүкіл Еуропаға таралу қаупі бар.

ЮНЕСКО-ның тұрақты туризм бойынша жобасының аға қызметкері Питер Дебрайн Барселонада үш мың адам жаппай туризмге қарсы наразылық ұйымдастырғанын растады.

Оның айтуынша, сырттан келушілер санының бірден өсуі баспана бағасының қатты өсіп, жергілікті тұрғындардың наразылығына алып келген.

Өзгелердің жаңалығы