Испания тасқын салдарын жоюға 2 млрд 300 млн еуро бөледі

Бүгiн, 10:02
139
Бөлісу:
Испания тасқын салдарын жоюға 2 млрд 300 млн еуро бөледі

Испания билігі Валенсиядағы алапат тасқыннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қосымша 2 млрд 300 млн еуро аударады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін 14 млрд еуро бөлінген. Испания тарихындағы ең алапат тасқын қазанның соңында болған еді. Одан әсіресе, елдің шығысындағы Валенсия өңірі қатты зардап шеккен. Табиғат апатынан 220-дан аса адам опат болды. 5 тұрғын әлі күнге дейін табылған жоқ. 

Биліктің тасқынға дайындығы төмен болғаны туралы көп сын айтылды. Өткен аптада тұрғындар ереуіл ұйымдастырған. Үйлерін су басқан жұрт білім беру мекемелерін паналап, өңірде мектеп жетпей жатыр дейді. 

Испан үкіметі өз міндеттерін атқарып келеді. Су тасқыны басталғаннан бері қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіреміз. Ол аймақтарда халыққа көмектесу үшін 20 мың мемлекеттік қызметші орналастырылды. Бұл сол жердегі әскерилерден 5 есе көп. Жаңа қаржылай көмек несие және түрлі жеңілдіктерді қамтиды. Алда әлі жұмыс жетеді. Бүлінген ғимарат көп. Әлі күнге дейін жабық тұрған кәсіпорындар бар, - деді Испания премьер-министрі Педро Санчес.

Өзгелердің жаңалығы