Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания коронавирусқа қарсы отандық вакцинасын шығарғалы жатыр. Бұл туралы осы елдің Ғылым және инновация министрі мәлімдеді, деп жазды Хабар24.
Оның айтуынша, препарат нарыққа келер жылы түспек. Өткен айда адамдарға сыналғаннан кейін тиісті органның мақұлдауына ие болды.
Екпені жергілікті «Хипра» деп аталатын дәрі-дәрмек компаниясы дайындаған. Бұл мекеме негізі мал дәрігерлік өнімдер шығарумен айналысып келген. Індетті тез жеңу үшін кәсіпорын вакцина жасауды қолға алған.