Испания карантин режимін жеңілдетуді жоспарлап отыр

24 Сәуір 2020, 10:35
1093
Бөлісу:
Испания карантин режимін жеңілдетуді жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өткен тәулікте Испанияда коронавирус инфекциясынан тағы 440 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Бұл одан алдыңғы тәулікте қайтыс болғандардың санынан көп. Тағы 4 635 адамның вирусты жұқтырғаны анықталды. 

Жалпы алғанда, Испаниядағы коронавирустан көз жұмғандар саны 22 мың адамнан асты.

Дегенмен, Испанияда індеттің таралуы бәсеңдеп келеді. Ел Үкіметі карантин режимін мамыр айының ортасынан бастап әлсіретуді жоспарлап отыр. 

14 жасқа толмаған балаларға осы жексенбі күні далаға серуендеуге шығуға рұқсат етіледі. Бұған дейін оларға үйден шығуға тыйым салынған болатын.


Өзгелердің жаңалығы