Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/463209-ispaniya-astrazeneca-vaktsinasyn-egu-isin-ajta-zhandandyrdy">24.kz.</a></h4>

 25 Наурыз 2021 2021, 08:41
25 Наурыз 2021 2021, 08:41
1816

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ел аталған вакцинаны қолдануды өткен аптада тоқтатып қойған болатын. Себебі оны салдырған кейбір адамдардың қаны қоюланған. Кейін Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі одан зиян жоқ екенін растап, қолдануға рұқсат берді. 

Испания негізі бұл препаратты әртүрлі қызметкерлерге, ал «Файзер» мен «Модерна» вакциналарын науқастар мен қарияларға егіп жатыр еді. Енді AstraZeneca-ны 65 жасқа дейінгі қарттарға да салуға рұқсат етілді. 

Екпе салдыруға өз басым қорықпаймын. Вакциналардың болғаны жақсы. Тек препаратты қолдану нұсқаулығында көрсетілген кері әсерлер болмаса болғаны, – дейді мемлекеттік қызметші Хосе Мануэль Плаза.  



 

Наверх