Исландияда жанартау атқылап жатыр

Исландияда Гриндавик қаласының маңында Сундхнукур жанартауы оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 23 Тамыз 2024 2024, 07:52
23 Тамыз 2024 2024, 07:52
806
Фото: pixabay.com

Исландияда Гриндавик қаласының маңында Сундхнукур жанартауы оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сол себепті жақын жерде орналасқан аудандың тұрғындары эвакуациялануда.

Гриндавик өртке қарсы қызметінің өкілі Эйнар Свен Йонссон жанартау оянған соң ауданда төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлімдеді.

Аудандағы адамдарды эвакуациялау аяқталуға жақын.

Ал Исландия метеорологиялық қызмет өкілі Бенедикт Офейгссонның сөзінше, жанартаудан соң пайда болған саңылаудың ұзақтығы 40 минутта 1,5 шақырымға жетіп, қазіргі уақытта 3,9 шақырымды құрап отыр.

Ал жанартаудан атылып шыққан балқыған отты сұйық зат – лава сағатына 6 шақырым жылдамдықпен атқылап жатқаны белгілі болды.

Наверх