Сэид Шейх Сэид Хассан Ислам Ынтымақтастық ұйымы саяси департаментінің кәсіби офицері Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында ұйым атынан сайлау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ислам Ынтымақтастық ұйымы миссиясы Қазақстан Республикасында 17-21 наурыз аралығында жұмыс істейді. Миссия сайлауды шынайы байқау барысында мынаны атап өтеді: Орталық сайлау комиссиясының егжей-тегжейлі жұмыстарын көріп отырмыз, сайлау процесін табысты өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған және материалдық-техникалық көмек көрсетіліп жатыр, - деді ол.
Ол сондай-ақ сайлау учаскелерінде көзі нашар көретін адамдарға жағдай жасалғанын атап өтті. Сайлау науқаны стандартқа сай өтіп жатқанын жеткізді.
Елорданың сайлау учаскелерінде сайлау процесі тыныш өтіп жатқанын көрдік және зорлық-зомбылық актілері көрініс бермеген. Біздің миссия осы тәртіпті қамтамасыз ету үшін күзеттің бар екенін көрді. Біз халықаралық тұрғыдан қабылданған стандарттың сақталып жатқанын, бұзушылықтардың жоқ екенін, бюллетеньдерді санау барысында ашықтық болатынын көрдік, - деді ол.
Сэид Шейх Сэид Хассан Ислам Ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда демократияның дамуына жәрдемдесуге дайын екенін айтып, демократиялық процестер жүріп жатқанын хабарлады.