Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан күміс медаль иеленді

21 Қараша 2025, 16:25
411
Бөлісу:
 Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Жібек Құлымбетова Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол БАӘ спортшысы Асма Альхосанимен кездесіп, шешуші тартыста қарсыласы жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы алтыншы рет Ислам ынтымақтастығы ойындарын қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) өткен.

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы