Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында кикбоксингтен 5 бірдей жерлесіміз финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар: Әлихан Оздоев, Нұрсұлтан Жұмабаев, Берік Искаков, Мақсат Усип және Руслан Степанов.
Ислам ойындарына әлемнің 56 елінен 4200 спортшы күш сынасуда.
Бұл сында Қазақстанның намысын спорттың 16 түрінен 125 спортшы қорғауда.
Естеріңізге салсақ, Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары 18 тамызға дейін жалғасады.