Ислам ойындары: Ел құрамасы велоспорттың трек бөлімінде медаль саны бойынша көш бастады

9 Тамыз 2022, 14:22
1069
Бөлісу:
Ислам ойындары: Ел құрамасы велоспорттың трек бөлімінде медаль саны бойынша көш бастады

 Велотректен жарыстың соңғы күні Түркияның Конья қаласында өткен Ислам ойындарындағы Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәлімдеуінше, Омниум дисциплинасы бойынша Рената Сұлтанова мен Артем Захаров топ жарды. Осылайша, ресми ашылу салтанатына дейін (9 тамыз) біздің трекерлер барлығы 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды! 

Айта кету керек, Рената үшін бұл Ислам ойындарындағы үшінші чемпионат. Осылайша ол скретч, жекелей жарыс және омниумда ең үздік ойын көрсетті. Әлішер Жұмақан - жекелей жарыс жеңімпазы. Ол сондай-ақ скретч бойынша қола жүлдегер атанды. Жалғыз  күміс жүлдеді Дмитрий Носков иеленді. Ол оны жекелей сыңда жеңіп алған болатын. 

Сонымен,  қола медаль Марина Кузьмина (жекелей жарыста ) және Светлана Пащенко (топтық жарысы) бұйырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының велотрекшілері 9 марапатпен медальдық командалық жарысты жеңіп алды! Екінші орында БАӘ спортшылары (2/0/1), үздік үштікті Өзбекстан (1/2/1) түйіндеді.

Өзгелердің жаңалығы