Ішкі туризм: Павлодар облысында сапбординг дамуда

15 Шілде 2021, 17:00
2541
Бөлісу:
Ішкі туризм: Павлодар облысында сапбординг дамуда
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында судағы ішкі туризм біртіндеп дамып келеді. Биылғы жазда жас кәсіпкерлердің бірі Ертіс өзенінде үрлемелі тақтайшамен жүзу демалысын, яғни сапбордингті дамытуды қолға алды.

Ерекше демалыс түрін ұйымдастыруды қолға алған Владимир Ключниковтың айтуынша, сапсерфинг Еуропа елдерінде бөлек спорт түрі ретінде дамыған. Ал ТМД аумағындағы мемлекетте белсенді демалыстың бір түрі ретінде қарқын алып келеді.

Өзім белсенді спорт түрлерімен айналысамын. Павлодарда бұл бағыттағы демалыс түрлері жоқ деуге де болады. Сондықтан бұл істі қолға алдым. Алдымен бір тақтайша сатып алдым. Кейін тағы бірнешеуін тапсырыспен алдырттым. Бүгінде сапбордтардың саны 15-ке жетті. Жүзу құралдарын Жапониядан әкелдік. Қазақстанда спорттың бұл түрі енді ғана дамып келеді, - дейді кәсіпкер Владимир Ключников.
Ішкі туризм: Павлодар облысында сапбординг дамуда

Өзен бойындағы серуен орны Усолка өзенінің бойында орналасқан. Келушілер алдымен қауіпсіздік бойынша ережелермен танысып, кейін 15 минуттық оқу курсынан өтеді. Басты талап - адам судан қорықпауы керек. Мамандардың айтуынша, сапбординг қауіпсіз спорт түрі. Жүзуші алғашқы 40 минутта судан қорықса, кейін бейімделіп кетеді.

Әр демалушы үрлемелі тақтайша, құтқару кеудешесі, ескек және сақтандыру шынжырымен қамтылады. Сапборд 150 келілік жүктемені көртеруге қауқарлы. Өзен бойындағы бір серуен 1,5 сағатқа шақталған.

Ішкі туризм: Павлодар облысында сапбординг дамуда

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта апта сайын сапбордингті игеруге ниет еткен 30-ға жуық адам жиналады. Ерекше демалыс түрін ұйымдастырған азаматтар болашақта балаларға арналған су спорты мектебін ашуды мақсат етуде.

Өзгелердің жаңалығы