Нұр-Сұлтан,, BAQ.KZ. Қазақстандық тауар өндірушілер ішкі нарықтағы құс етіне сұранысты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.
"Аitas KZ" АҚ бас директоры Серік Толықпаев бұл мәселеге қатысты жеке пікірін білдіріп, еліміздегі құс етін өндіруші компаниялар бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.Қазіргі таңда компанияның құрамына 11 кәсіпорын кіреді. Олар өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру мен қайта өңдеу, дистрибуциялау саласында еңбек етеді. Біз жүз мың адамның өмірін қалай жақсартамыз деген ойда жүрміз. 2019 жыл біз үшін табысты болды. Біз бизнес ұғымын терең түсіндік. Осылайша, компания қызметкерлері Қазақстанның аграрлық индустриясының дамуына үлес қосуға бар күшін салды, – деді ол "Қазақстандағы құс еті нарығының дамуы" атты баспасөз мәслихатында.
Шара барасында сарапшылар өткен жылы Қазақстанда шамамен 220 000 тонна құс еті өндірілгенін, бұл нарықтағы сұраныстың тек 60%-ін өтегенін жеткізді. Ал қалған қажетті мөлшер Ресей, АҚШ және Украина елдерінен жеткізілген. Осы орайда мамандар 2019 жылы құс етінің импорты шамамен 160 000 тоннаны құрағанын айтты. Сарапшылардың пікірінше, бұл қазақстандық өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайтып, ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға зор мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар тауар өндірушілер 2030 жылға қарай Қазақстан ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтеп қана қоймай, Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдеріне құс етін экспорттауды жоспарлап отырғанын атап өтті.