Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық көші-қон ағымында есептік кезеңде кеткендер саны келгендердің санынан 3515 адамға асты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда көші-қон кемуі 25,5%-ға көбейді. Келушілердің саны 55,8%-ға азайды, кетушілердің саны 20,7%-ға көбейді. Сыртқы көші-қон шегінде кетушілердің 81,7%-ы Ресей Федерациясына, 17,7% – Германияға, 0,6% – басқа елдерге көшті.
Облыс ішіндегі халықтың көші-қонының нәтижесінде, тұрғылықты орнын 20857 адам ауыстырды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,7%-ға жоғары. Оған қоса ауыл халқының қалалық жерге ағымының жоғары белсенділігін атап өту керек. Тұратын жерін өзгерту есебінен облыс шегінде қала тұрғындарының саны өсті, ал ауылда тұратындар саны 157 адамға азайды.Республиканың басқа аймақтарымен алмасуда, 2021 жылғы қаңтар-маусымда көші-қон кемуі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 24,8%-ға көбейді және -4618 адамды құрады. Басқа облыстардан келушілер саны 5,6%-ға жоғарланды, облысаралық көші-қон шегінде кеткендер саны 2,1%-ға өсті, - делінген хабарламада.