Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

 Үкімет 24 Қараша 2026, 12:33
24 Қараша 2026, 12:33
162
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Игорь Лепеха 1962 жылғы 20 қарашада Қарағанды облысының Осакаровка кентінде дүниеге келген.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • 1986–1997 жылдары ішкі істер органдарында түрлі қызмет атқарған;

  • 1997–2009 жылдары Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген;

  • 2009–2019 жылдары ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болған;

  • 2019–2020 жылдары ІІМ Штаб-департаментінің бастығы қызметін атқарған;

  • 2020–2022 жылдары Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болған.

2022 жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.

Наверх