Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен Ішкі істер министрінің орынбасары мен Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды.</h4>

 19 Шілде 2019 2019, 13:25
19 Шілде 2019 2019, 13:25
2225

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен Ішкі істер министрінің орынбасары мен Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен; Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының Өкімдерімен Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне; Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Наверх