Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
- Туған күні: 14.08.1962
- Туған жері: Алматы қаласы
- Отбасылық жағдайы: Отбасылы, екі ұлы бар
- Білімі: Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заңгер мамандығын тәмәмдаған (1984). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономист мамандығын тәмәмдаған (2003). Заң ғылымдарының кандидаты.
1984-1986 жылдары – Қарағанды облысы Саран қаласының атқару комитетінің ІІБ Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкері.
1986-1993 жылдары – Қызметкер, тергеуші, аға тергеуші, бастықтың орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы - Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
1993-1995 жылдары – Алматы қаласының ІІБ бастығының орынбасары
1995 жылы – Калинин АІІБ бастығы
1995-1996 жылдары – Бостандық ауданы МТК ББ бөлім бастығы
1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салықтық тергеу басқармасының бастығы
1997 жылы – Алматы ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің бастығы
1997 жылы – Жетісу полиция басқармасының бастығы
1997-2000 жылдары – Алматы ішкі істер басқармасының бастығының орынбасары
2000-2001 жылдары – ҚР ІІМ-нің 9-шы департаментінің бастығы
01.2001-02.2002 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ-ның басқарушы директоры
2002 жылы – ҚР ІІМ-нің 9-шы департаментінің бастығы
09.2002-04.2003 жылдары – ҚР ІІМ Криминалдық полиция басқармасының бастығы
04.2003-05.2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер басқармасының бастығы
05.2006-31.07.2006 жылы – ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы
2006 жылғы 31 шілдеден – Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы
12.2012-02.2019 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары
12.02.2019 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрі
Мемлекеттік марапаттары:
2-дәрежелі «Айбын» (2005 ж.), 2 дәрежелі «Даңқ», 1-дәрежелі «Қайсар» ордені; ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбегі сіңген қызметкері
Полиция генерал-майоры (05.2007).