Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 26 тамызда Алматыда бір топ адамды көлік қаққаны туралы видео пайда болған еді. Осыған қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін өз пікірін білдірді.
Оқи отырыңыз:
Ішкі істер министрі тергеуге байланысты күдіктілердің есімін атаудан бас тартты.
«Толығырақ мәлімет бере алмаймын. Оны тек сот шешеді. Бұл жерде бірнеше бап бойынша қарастырылады. Біріншіден, көлікті мас күйінде жүргізуден бөлек, бұзақылыққа қатысты бап бойынша іс кейін «кісі өлтіруге әрекет ету» бабына ауыстырылды», - деді министр.