Ішек қатерлі ісігінің бастапқы кезеңде байқауға болатын 6 белгісі

3 Қыркүйек 2023, 08:42
17818
Бөлісу:
Ішек қатерлі ісігінің бастапқы кезеңде байқауға болатын 6 белгісі
Фото: baq.kz

Дәрігерлер әдетте ішек қатерлі ісігінің белгілеріне іш қату мен іш өтуді жатқызады. Алайда бұл белгілер басқа да проблемаларды көрсетуі мүмкін. Мысалы, оны ішектер инфекциясы деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Сондықтан адамдар бұл белгілерді байқаған кезде онкологқа қарала бермейді. Жалпы тәжірибе дәрігері Дэйв Николс ішек қатерлі ісігінің кең тараған басқа да белгілерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Doctorpiter порталына сілтеме жасап.

Ішек қатерлі ісігінің белгілері:

Іштің ауыруы;

Іштің кебуі;

Себепсіз салмақ тастау;

Нәжісте қан пайда болу;

Артқы тесіктің қанауы;

Қатты шаршаңқылық.

Дәрігер сондай-ақ дәретханаға барумен байланысты әдеттерге де мән беру керегін айтты. Мысалы, бұрын сізге тән емес әдеттердің пайда болуы: кенеттен дәретханаға жиі немесе сирек баратын болып кеттіңіз.

Алты аптадан аса уақыт сақталған өзгерістер – дәрігерге қаралуға себеп, - деді маман.

Ішек қатерлі ісігі неден пайда болады?

Темекі тарту;

Артық салмақ;

Физикалық белсенділіктің болмауы;

Жасұнығы аз диета;

Ішімдікке салыну;

Созылмалы ішек аурулары.

Өзгелердің жаңалығы