Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ирландияда "Чандра" дауылы су тасқынына себеп болды

Бүгiн, 02:34
145
Бөлісу:
 euronews.com
Фото: euronews.com

Ирландияға қатты жауын мен жел әкелген «Чандра» дауылы бірнеше аймақта су тасқынына себеп болды. Дублиндегі Төтенше жағдайлар қызметі су басқан жолдарда автокөліктерді құтқарып, зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, түнде елдің бас қаласында шамамен 30 мм жаңбыр жауған. Сары деңгейдегі ескерту Карлоу, Килкенни, Лаут, Вексфорд, Уиклоу және Уотерфорд округтері үшін сағат 23:00-ге дейін күшінде болды. Ел бойынша шамамен 30 мың адам электр қуатынан айырылды, бірнеше жолдар жабылды.

Вексфорд округіндегі Эннискорти аймағы ең көп зардап шеккен орындардың бірі болып отыр. Билік тұрғындарға сақтық сақтап, айналма жолдарды пайдалануды ұсынады. Қатты желге байланысты «сары» ескерту бүкіл елде жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы