Ирландия жағалауындағы ауылды теңіз көпіршігі басып қалды

<p> </p> <h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландияның шығыс жағалауы көпіршікке көмкерілді, деп хабарлайды «Хабар 24». </h4> <br> <p> </p>

 18 Ақпан 2021 2021, 08:41
18 Ақпан 2021 2021, 08:41
1933

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландияның шығыс жағалауы көпіршікке көмкерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңізде соққан желден Банмахон ауылы аппақ ұлпаға оранғандай әсер қалдырады.

Толқыған теңіз суының жағаға соғуынан пайда болған көпіршіктер жолдар мен үйлерді жауып қалған. Табиғаттың мұндай құбылысы бұл өңірлерде жиі болады екен. Бірақ жергілікті тұрғындар теңіз көпіршігінің қазіргідей мол көлемде жабуын алғаш рет көріп тұрғандарын айтады. Ал мамандар теңіз көпіршігі әдетте балдырлар мен микроорганизмдердің ыдырап тарауынан пайда болатынын айтады.
Наверх