Ірі қара және ұсақ малдарды экспорттауға арналған квоталар автоматты бөлінеді

31 Қаңтар 2024, 18:57
683
Бөлісу:
Ірі қара және ұсақ малдарды экспорттауға арналған квоталар автоматты бөлінеді
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылық министрінің м.а. «Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, бұқашықтар мен еркек тоқтыларды әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ

Шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де қатысты қолданылады. Бұйрық күшіне 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап енеді.

Квота санын бөлу «Е-лицензиялау» порталында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру кезінде автоматты түрде жүзеге асырылатын болады.

Квота алу жөніндегі қысқаша нұсқаулық:

1. Мына сілтемесі бойынша өту

2. «ТАУАРЛАР ИМПОРТЫ, ЭКСПОРТЫ» санаты.

• «Қызметті лицензиялау» қызметі - «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру».

3. «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру» кіші қызметі.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар - сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оның қосымшасының және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың келісімін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі.

Бұқашықтар мен еркек тоқтыларды экспорттауға лицензия алуға өтінімді 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап беруге болады.

Туындаған сұрақтар бойынша 555-416 нөмірі бойынша ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің Сыртқы сауда басқармасына хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы