Ірі кәсіпорындарға онлайн бақылау орнатылады - Экология министрі

1 Қараша 2024, 15:55
401
Бөлісу:
Ірі кәсіпорындарға онлайн бақылау орнатылады - Экология министрі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі ірі кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші санаттағы ірі кәсіпорындардың өнеркәсіп шығарындыларын бақылау мақсатында автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мониторингтің мұндай жүйесін енгізу - табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға әсерін онлайн режимде бақылауға және жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Монтиторингтің автоматтандырылған жүйелерінен кәсіпорындардың бүкіл деректері - қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне жинақталады, - деді министрі мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.

Нысанбаевтың айтуынша, бақылайтын жүйені 2024 жылдың соңына дейін 91 кәсіпорын орнатуға міндетті.

Бүгінгі таңда 65 кәсіпорын мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнатты. Жылдың соңына дейін 9 кәсіпорын мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. Қаражаттың болмауына байланысты 10 өңірдегі 17 кәсіпорын жүйені орнатпаған, - деді Экология министрі.

Еске салайық, бұған дейін ведомство басшысы экологиялық талаптарды сақтамай, айыппұл арқалаған 4 компанияны атаған еді.

Өзгелердің жаңалығы