Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иранның Шахид-Раджай портындағы жарылыс құрбандарының саны 70-ке жетті

28 Сәуір 2025, 23:43
719
Бөлісу:
 AP Photo
Фото: AP Photo

Иранның Бендер-Аббас қаласындағы Шахид-Раджай теңіз портында орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Mehr News Agency агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, және бұл жұмыстарды толық аяқтау үшін кемінде 20 күн қажет болады.

Айта кетейік, жарылыс 26 сәуірде болды. Оқиға көптеген ғимараттар мен автокөліктерге айтарлықтай зиян келтірді. 27 сәуірде Хормозган провинциясының губернаторы Мұхаммед Ашури трагедияға байланысты үш күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

The New York Times басылымының мәліметінше, жарылыстың себебі – зымыран отынын өндіруге арналған заттардың жарылуы болуы мүмкін. Бүгін Иранның ішкі істер министрі Искандер жарылысқа абайсыздық пен порттағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы