"Оңбай таяқ жейді": Иранның рухани көсемі АҚШ-қа ескерту жасады

Бүгiн, 08:55
752
Бөлісу:
"Оңбай таяқ жейді": Иранның рухани көсемі АҚШ-қа ескерту жасады
Фото: epa/vostock-photo

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи АҚШ-қа ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА Новостидің мәліметінше, рухани көсем АҚШ Тегеранды қорқыту арқылы ештеңеге қол жеткізе алмайтынын айтқан.

Сондай-ақ Хаменеидің айтуынша, Вашингтон және басқалары егер ирандықтарға қатысты зұлымдық жасаса, "лайықты жауап" алады.

АҚШ Иранмен тайталасу арқылы ешкім ештеңеге қол жеткізбегенін білгені жөн... Егер АҚШ және басқалары Иран халқына зұлымдық жасаса, оңбай таяқ жейді, - деп ескертті Хаменеи мемлекеттік телеарнаны тікелей эфирінде.

Сондай-ақ БҰҰ жанындағы Иранның өкілі Әмір Саид Ирвани Тегеранға қарсы кез келген әрекет күрделі салдарға әкелетінін ескерткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы