Ирандағы соғыстан Қазақстан экономикалық пайда көрді – The New York Times

Қазақстанның мұнай экспортынан түсетін кірісі бірнеше миллиард долларға өскен.

 depositphoto.com Бүгiн 2026, 09:02
Бүгiн 2026, 09:02
241
Фото: depositphoto.com

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы әлемдік энергетика нарығын күрт өзгертіп, мұнай бағасының шарықтауына алып келді. Осы жағдайдан ұтқан елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы The New York Times басылымы S&P Global Energy Commodities at Sea және Argus Media деректеріне сүйеніп жазды.

Басылымның талдауынша, Парсы шығанағынан тыс орналасқан ірі мұнай экспорттаушы елдердің теңіз арқылы мұнай және жанармай экспорты айтарлықтай өскен. Осындай бес елдің қатарына АҚШ, Норвегия, Бразилия, Ресей және Қазақстан енген.

Қазақстан қалай пайда көрді?

The New York Times дерегіне сәйкес, Қазақстанның мұнайдан түсетін табысы айтарлықтай артқан. Бұған әлемдік мұнай бағасының қымбаттауы және Парсы шығанағындағы жеткізу тізбегінің бұзылуы әсер еткен.

Басылым жариялаған инфографикада Қазақстанның мұнай экспортынан түсетін кірісі бірнеше миллиард долларға өскені көрсетілген. Экспорт көлеміндегі өсім АҚШ пен Ресеймен салыстырғанда аса үлкен болмаса да, Қазақстан соғыстан экономикалық пайда көрген негізгі елдердің бірі ретінде аталды.

Ормуз бұғазы әлемдік нарықты шайқалтты

Материалда негізгі себеп ретінде Ормуз бұғазының іс жүзінде жабылуы айтылған. Бұл - Парсы шығанағын әлемдік нарықпен байланыстыратын стратегиялық бағыт.

Cалдарынан Ирак, Кувейт, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдер экспорт көлемін қысқартуға мәжбүр болған. Ал мұнайды басқа бағыттармен тасымалдай алатын немесе Парсы шығанағынан тыс орналасқан мемлекеттер ұтып шыққан.

Ресей мен АҚШ та үлкен табыс тапты

The New York Times АҚШ-ты соғыстан ең көп пайда көрген мемлекеттердің бірі деп атады. Америкалық компаниялар мұнай, дизель және өзге де отын түрлерінің экспортын ұлғайтып, жоғары бағамен сата бастаған.

Ресей де мұнай көлемін көбейтпесе де, қымбат бағаның арқасында кірісін арттырған. Басылым мәліметінше, соғысқа дейін 41 доллар тұрған ресейлік мұнай бағасы сәуір басында барреліне 120 долларға дейін жеткен.

Сарапшылар не дейді?

S&P Global Energy ұйымының мұнай нарығы бойынша зерттеу жетекшісі Джим Буркхард Ормуз бұғазы ұзақ уақыт жабық қалса, қазіргі жеңімпаз елдердің табысы одан әрі өсетінін айтқан.

Оның сөзінше, экспорт бағыттарын әртараптандыра алмаған мемлекеттер үшін жағдай күрделене түсуі мүмкін.

Еске салайық, Тегеран бейбіт келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін орындалуы тиіс 5 талабын жариялағаннан кейін, Вашингтон да өз тарапынан 5 шарт ұсынды.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Иранмен қақтығыс: Трамп үшін уақыт тарылып барады

Наверх