Ирандағы ұшақ апаты: жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

8 Қаңтар 2020, 11:47
3120
Бөлісу:
Ирандағы ұшақ апаты: жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, украиналық авиакомпанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр. Бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.

Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатынан ешкім тірі қалмады. Бұған дейін Tasnim Тегеран маңында құлаған украиналық ұшақтың бортында 180 жолаушы болған деп хабарлаған.

Кейін ұшақ апатының видеосы жарияланды.  Оқиға орнына жедел жәрдем жеткен болатын. Қызыл Жарты ай өзінің Twitter парақшасында Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының орнынан фото жүктеді. Онда ұшақтың сынықтары, апат болған жерде жүрген мамандар бар.

Иран Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі РИА Новости агенттігіне берген ақпаратында, ұшақ апатынан адамдардың аман қалуы екіталай деген.

Қазақстан СІМ ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуыл жасағаннан кейін АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) америкалық әуекомпанияларға Иран, Ирак, сонымен қатар Парсы және Осман шығанақтарының үстінен ұшуға тыйым салды.



Өзгелердің жаңалығы