Иранда ұзақ жылдар бойы дау тудырып, наразылықтарға себеп болған хиджаб кию міндеттілігіне қатысты маңызды өзгеріс болды. Ұзақ күрестен кейін хиджаб туралы заңға қатысты қатаң шаралар жеңілдетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Свободный Иран" телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Иранның Мақсаттылық кеңесінің мүшесі Мұхаммадреза Бахонар хиджабты міндетті түрде тағу қажетілігі жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, хиджаб кимейтін әйелдерге ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық шектеулер қолданылмайды.
Осы шешімнен кейін көшелерде және қоғамдық орындарда еркін киінген әйелдерді жиірек көруге болады.
Шешім қабылданғаннан кейін әлеуметтік желілерде хиджабсыз еркін жүрген әйелдердің видеожазбалары тез таралды. Бұл кадрлар кеңінен талқылануға себеп болды.
2022 жылы Иранда 22 жастағы Махса Аминидің қайтыс болуынан кейін бүкіл елге тараған наразылықтар орын алған еді. Ол бас киімді дұрыс кимегені үшін ұсталған.
Наразылық кезінде әйелдер бас киімдерін шешіп тастаған, кейбірі оларды өртеген. Репрессиялар нәтижесінде 550-ден астам наразылық білдіруші қаза тауып, мыңдаған адам қамауға алынған.
Бұған дейін Тегеранда тағы бір Азад Ислам университетінің студенті хиджабты дұрыс кимегені үшін қысым көргендіктен, көшеде іш киіміне дейін шешіп тастаған болатын.