Иранда жаппай тәртіпсіздік орын алып, 200 адам қаза болды

4 Желтоқсан 2022, 16:40
1096
Бөлісу:
Иранда жаппай тәртіпсіздік орын алып, 200 адам қаза болды

Иранда көшедегі наразылықтың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 200 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

IRNA агенттігінің мәлімдеуінше, құрбан болғандар арасында елдің қауіпсіздік қызметінің мүшелері, бейбіт тұрғындар мен тәртіпсіздіктің қатысушылары бар. 

Алдын ала бағалауларға сәйкес, наразылық кезінде үкіметтік, мемлекеттік және жекеменшік мүлікке 1 трлн туман немесе 235,8 млн доллардан астам көлемде зиян келтірілген. Елдің ІІМ тергеу комитетіне барлық залалды бағалап, оның орнын толтыру тәсілдерін анықтау туралы тапсырма берілді. 

Ирандағы жаппай толқулар 16 қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминидің жаназасынан кейін басталған болатын. Ресми ақпаратқа сүйенсек, полиция Аминиді бас орамалды дұрыс тақпағаны үшін ұстаған. Тергеу кезінде оның жүрек талмасы ұстап, қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде Аминиді тәртіп сақшылары соққыға жыққан деген ақпарат тарады. 

 7 қазанда Иран сот медицинасы ұйымы бойжеткеннің өлімі туралы ресми қорытындыны жариялап, дене жарақаты болмағанын айтты. Тәртіпсіздікке ұласқан наразылық акциялары әлі күнге басылмай тұр.  

Өзгелердің жаңалығы