Иранда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 59 адамға жетті

1 Тамыз 2022, 21:00
982
Бөлісу:
Иранда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 59 адамға жетті

Иранда өткен аптада орын алған су тасқынының салдарынан кемінде 59 адам қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, тағы 30 адам хабар-ошарсыз кеткен. 60 қала мен 516 ауыл, сондай-ақ 85 жол зардап шеккен.

Қызыл Жарты Ай қоғамының Ирандағы бас хатшысы Якуб Сулеймани 1332 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты. 5215 адам уақытша баспана алып, 944 тұрғын үйлерінен эвакуацияланған. Иран президенті Эбрахим Раиси министрлерге, ұйым басшылары мен губернаторларға су тасқынымен күрес үшін барлық күшті жұмылдыруға тапсырма берді. Бүған дейін Тегеранның солтүстік-шығысындағы Альборз тауларында 10 адам қайтыс болғаны белгілі болды. Табиғи апат Тегеран провинциясының солтүстік аудандары көп залал келтірген. 

Өзгелердің жаңалығы