Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның бірқатар провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орнын жабу туралы шешім қабылдады.
Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешқандай мәдени бағдарлама болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, 6 адам қайтыс болды. Бұл туралы Ru.Irna.Ir сайтында хабарланды.
Алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында 2 күнге - жексенбі және дүйсенбі күндері барлық мектеп мен жоғары оқу орнын жабу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.