Иранда Күрдістан провинциясындағы «Мирадж» қыздар мектебінің оқушылары химиялық газбен уланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолу сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілердегі оқиғалардың куәгерлері хабарлағандай, зардап шеккен қыздардың ата-аналары мен құқықтық тәртіп күштері арасында қақтығыс болды.
Азаматтар оқу орнының қабырғасынан Иран туын алып тастап, Жоғарғы басшы Али Хаменеяға қарсы ұрандар айтты.
Ата-аналар мен мектепке келген тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды.
Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда кейбір ата-аналар балаларды өздері ауруханаға жеткізгенін көруге болады.
Кем дегенде 47 оқушы зардап шекті, олардың 20-сының жағдайы ауыр.
Иран билігі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ