Иранның Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуыл салдарынан кемінде 40 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы IRNA агенттігі мәлімдеді.
АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаны айтылды. Соққылар Иранның ірі қалаларына, соның ішінде Тегеранға жасалған. Ақ үй шабуылды Иран тарапынан туындауы мүмкін зымыран және ядролық қауіппен байланыстырды. Ал Ислам революциясы сақшылары корпусы ауқымды жауап операциясы басталғанын мәлімдеді.
Хабарларға қарағанда, Иран тарапынан зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылған, Тель-Авив маңында әуе дабылы сиреналары қосылған. БАҚ мәліметінше, соққылар Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясындағы АҚШ әскери базаларына да жасалған.